«Бір толқында». Дәл осындай ұранмен Өскеменде Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған айрықша шара өтті. Флешмобқа облыстық ұлттық-мәдени орталық өкілдері мен белсенді студенттер мұрындық болған.
Өскемендегі Республика алаңына бір мезетте 5 мыңнан астам халық жиналды. Шараға қатысушылардың барлығына ұлттық өрнегі бар таспалар таратылды. Жалау түстес ұлттық нақыштағы таспа Тәуелсіздіктің 24 жылдығын білдіреді, -дейді ұйымдастырушылар.
Белсенді жастар игі бастамаға еліміздің барлық өңіріндегі тәуелсіздік құрдастары қосылады деген сенімде. Ал айырқша таспа Қазақстан халқы бірлігінің символына айналатынына үміттенеді.
Евгений Панкрашев, студент:
Бұл бастаманы әуелі әлеуметтік желілерде қызу талқыладық. Біз өз ойымызды ұсындық, ал көпшілік арасында оған қызығушылық танытқандар көп болды. Кейін осындай жаппай шеру ұйымдастыруды жөн санадық.
Заңғар САНАЙ