Қазақстандық жұмыскерлер «Нұр Отан» партиясының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты президент сайлауына үміткерлікке ұсыну бастамасын қолдайды.
Елордадағы «Тұлпар-Тальго» зауытының 300-дей жұмысшысы партияның ХVI съезінің шешімін құптайтындарын мәлімдеді. Олар өздері жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның Мемлекет басшысының қолдауымен ашылғанын айтады. «Тәуелсіз еліміздің бүгінгі саяси бағытын қолдаймыз», - дейді зауыт жұмыскерлері.
Төлеген Құнаділов, «Тұлпар-Тальго» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы:
Біздің «Тұлпар-Тальго» зауытынының ұжымы атынан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың президенттік сайлауға қатысу ұсынысын толығымен, бір ауыздан қолдаймыз деп кепілдік бере аламын.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ