«Болашағы біртұтас ұлт». «Нұр отан» партиясының 16 сьезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бес реформаның бір тармағы ұлтаралық келісім мәселесін қамтиды. Осы орайда жиын делегаттары бүгін өз ойларын ортаға салды. Президент: «Қазақстанның барлық азаматтары үшін шектеулерсіз тиімді әлеуметтік лифттерді қамтамасыз ету қажет. Қазақстандықтар жаңа жалпыұлттық құндылықтарды - құқықтық үстемдік пен мемлекеттік дәстүрді - өздерінің этностық мінез-құлық модельдерінен жоғары қоюы керек», - деген болатын. Осыған орай Ассамблея мүшелері де өз пікірін білдірді.
Төлеген Мұхамеджанов, композитор, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:
Шынында, біз аға халықпыз - қазақ халқы. Сондықтан өзіміздің осы елде бірге тұрып жатқан халықтардың өкілдерін өзіміздің елдің патриоты ретінде, бізбен бірге еліміздің болашағын салатын азаматтар ретінде қабылдауымыз керек.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ