Қытайда былтыр терроризм мен сепаратизмге қатысты 712 адам сотталған. Бұл жайында Жоғарғы халықтық Соттың төрағасы Чжоу Цян жалпы Қытай халықтары төрағаларының 3-ші сессиясында айтты.
Оның сөзінше, бұл көрсеткіш 2013-ші жылмен салыстырғанда, 13 пайызға артқан. Осыған байланысты, Чжоу Цян терроризм мен сепаратизмге қарсы күрес Қытайда күшейетінін ескертті.
Сонымен қатар, сот төрағасы: «Мемлекеттің қауіпсіздігі мен ұлттың бірлігі және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау да басты назарда болады»,-дейді. Ал, қазір Қытай жерінде Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы ең мазасыз аумақ болып тұр.
Өйткені, жергілікті тұрғындарының басым бөлігін ұйғыр мұсылмандары құрайтындықтан, діни қауіптілік бар екенін айтты.
Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ