Қазақстанда таланттылардың пулы құрылуы мүмкін. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет және жемқорлықпен күрес агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов мәлімдеді. Айтуынша, пул талапты жастардан, оқу озаттары мен ғылыми-шығармашылық байқау жеңімпаздарынан, «Болашақ» түлектерінен жасақталады.
Оған қатысушылар арнайы бағдарлама бойынша кәсіби тәжірибеден өтеді. Мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау еңбекақы төлеу жүйесін де айналып өтпейді. Тиімділікті бағалау жүйесі 2010-жылдан бері бар.
Ендігі өзгеріс бойынша,қызметкердің жеке басын бағалау да есепке алынбақ.
Саян Ахметжанов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:
«Мемлекеттік органның тиімділігінен бөлек, қызметкердің жеке сіңірген еңбегі де бағаланады. Ынталандырудың бірден бір тәсілі бұл. Талапты, іскер адамдарды мемлекеттік қызметке тартудың алғышарты болмақ».
Мөлдір ДЮСЕКИНА