Қазақстан қор биржасы қыркүйек фьючерстері саудасында доллар бағамын 193 теңге 56 тиынға теңестірді. Бүгінгі күннен бастап биржада АҚШ долларының теңге бағамымен есеп айырысу фьючерсінің сауда-саттығы ашылды.
Қор биржасының ресми сайтында жарияланған мәлімдемеге сүйенсек, алдын-ала саудада бір доллардың бастапқы теориялық бағамы 193 теңге 56 тиынды құрады.
Еске салсақ, бұған дейін 2015 жылдың наурызында орындалатын фьючерс 187 теңге 71 тиынды құраған еді.
Асан ҚАЛИАХМЕТ