Ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында бірқатар жолдар жабылды. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайдар комитеті хабарлайды,- деп жазады Қазақпарат.
Көктайғақтың салдарынан, Қарағанды облысы арқылы өтетін «Алматы-Екатеринбург» күре жолының бірнеше шақырымды құрайтын учаскесінде жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс тоқтатылды.
Осыған ұқсас жағдай Шығыс Қазақстан облысында да орын алған. Бұрқасын болуына және жолдың нашар көрінуіне байланысты «Семей-Большая Владимировка-Сосновка-Қоянбай» жолы көліктің барлық түрлері үшін жабылды.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА