Ақмола облысында ұйытқыған боранда жолда қалған 78 адам ажалдан аман қалды. Сондай - ақ, 24 техника қар құрсауынан құтқарылды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады,-деп жазады Қазақпарат.
«Өткен тәулікте болған қатты жел мен бұрқасын салдарынан облыс аумағындағы автокөлік жолдарында қар құрсауында қалған 24 техника мен 78 адам құтқарылды. Оның ішінде 2 жолаушылар автобусы мен 3 бала бар.
Апаттық-құтқару жұмыстарының жедел ұйымдастырылуы нәтижесінде адам шығыны болған жоқ», - делінген хабарламада.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА