Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстіктегі ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылу қарқыны жоғары

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2016
  • 2026

«Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы Оңтүстік Қазақстан облысында сәтті жүзеге асырылып келеді. «Нұр Отан» партиясы бас болған жаңа бағдарламаның шарапатын көрсем дегендердің бірі - Төлеби ауданының тұрғыны Әбдікәрім Әбдіраманов.

Ол мал бордақылауды кәсіп қылып келеді. Осыдан төрт жыл бұрын төмен пайызбен несие алған. Бүгінде қарызын жауып, мал басын көбейтіпті. Қазір оның қорасында жиырма бордақы мал байлаулы тұр. Жайылымда тағы 34 бас бар екен. «Ауылдық жерде ең қолайлы жұмыс - осы», - деген фермер төрт түлікке қажет жем-шөпті де өздері дайындайтынын айтады. Көршілеріне де жұмыс беріп отырған Әбдікәрім Әбдіраманов жуырда лизингке техника алыпты. Енді осы шаруашылығын кеңейтуді көздеп отыр.

Әбдікәрім Әбдіраманов, шаруа: 

100 бас сауын сиырға типовой ферма салсақ па деген ойдамыз. Енді оның жерін алып қойдық промзонадан. Биыл енді несие институттармен келісімге келіп, жарты ақшасы өзімізден шықса, жарты ақшасын солармен келісімге тұрамыз деп ойлап отырмыз.

Қанатбек  Оспанбеков, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының кеңесшісі:

Бұл жобаның негізгі мақсаты - жергілікті жерде, ауылдағы халықты жұмыспен қамтамасыз ету, одан кейін қосымша табыс табу. Негізінен шағын жобалар қаржыландырылады. Оның ішінде, шағын мал бордақылау алаңдары, 10-15 басқа. Одан кейін шағын сүт өндіру аулалары, сосын сүт қабылдау бекеттері. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ