Байқоңырдан кезекті«Протон-М»зымыран-тасығышы ұшырылды. Оған ресейлік«Экспресс-АМ7»байланыс спутнигі тиелген,- деп хабарлады Интерфакс.«Роскосмос» өкілі«Протонның»есепті уақытта аттанғанын мәлімдеді.
Құрамындағы«Бриз-М» үдеткіш блогы мен«Экспресс-АМ7» ғарыш аппаратының бөлінуі Астана уақытымен 04:14-ке белгіленген. Ал спутниктің өзі үдемелі блоктан 13:18-де бөлінеді, -деді«Роскосмос» өкілі.
«Экспресс-АМ7» ғарыш аппаратын еуропалық Airbus DS компаниясы жасаған. Оны дайындауға Ресейдің«Ғарыштық байланыс»федералды кәсіпорнының спутниктік байланыс операторы тапсырыс берген.
«Экспресс-АМ7»жер серігі телерадиохабарларын тарату, кеңжолақты интернетке қол жеткізу, жылжымалы байланыс қызметтерін көрсетуге арналған.«Бриз-М» үдеткіш блогы спутникті биіктігі 36 мың шақырымдық геостационарлық орбитаға шығарады.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА