«Ресейлік саясаткер Борис Немцов Charlie Hebdo журналындағы карикатураға ашық пікір білдіргені үшін өлтірілді. Оның көзін жоюға 5 млн рубль бөлінген». Бұл туралы «Росбалт» хабарлады.
Онда: «2015 жылдың қаңтарында Заур Дадаев, Анзор Губашев және Беслан Шаванов «тергеу барысында анықталмаған адамдардың» - Борис Немцовтың өлімін жоспарлау мен орындау туралы ұсынысын қабыл алды»,- делінген.
Тергеу көрсеткендей, әлдекімнің Немцовты өлтіру жөніндегі тапсырысын Заур Дадаев орындаған. Ал күдіктілердің бірінің - қылмыс кезінде басқа жерде болғанын растайтын айғақтары жеткілікті көрінеді.
Яғни оның адам өліміне қатысы жоқ болуы мүмкін. Айта кетейік, 8 наурызда саясаткер Борис Немцовты өлтірді деген күдікпен 5 адам ұсталған. Олар - Дадаев, ағайынды Губашевтар және Бахаев.
Тоғжан АМАНАЛИЕВА