Наурыз мерекесі күндері Өскемендегі бас алаң қолөнершілер қалашығына айналды. Киіз бен ағаштан, күмістен және сүйектен жасалып, ою-өрнекпен көмкерілген бұйымдар қала тұрғындарының назарын аударды.
Бұл күндері ағаштан түйін түйген қолөнер шеберлері, сондай-ақ, белгілі зергерлер өскемендіктерге өз жұмыстарын ұсынды. Мектеп қабырғасында ұлттық өнердің әліппесін таныған оқушылар жәрмеңкеге алғаш рет қатысып отыр.
Ұстаздардың айтуынша бастысы, салт-дәстүрді ұмыт қалдырмау.
Елизавета Кузнецова:
Біз мұны арнайы наурызға әзірледік. Адамдар қызықтап өзіне керегін таңдап алу үшін. Ұлттық қолөнерді ұмытпау, ұлттық мейрамдарды ұлықтау маңызды. Барлығыңызды Наурыз мерекесімен құтықтаймын.
Мөлдір ДЮСЕКИНА