Астанада республикалық орындаушылар байқауы басталды. Қазақ ұлттық өнер университетінің шаңырағында ел аумағындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын өнерлі жастар сынға түседі.
Байқау 8 аталым бойынша ұыймдастырылып отыр. Атап айтар болсақ, «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері», «Хорда дирижерлік ету», «Домбырамен халық әндерін орындау», «Музыка теориясы».
Конкурсқа қатысуға еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық өнерпаз ниет білдірген. Өнер додасы 30-наурызға дейін жалғасады. Жеңімпаздардың есімдері де сол кезде жария болады.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА