Бюджетті үнемдеу бағдарламасы шеңберінде биыл Парламент Мәжілісі 2 миллиард теңге көлемінде шығысты қысқартпақ. Бұл туралы депутат Самиғолла Оразов  мәлімдеді. Әкімшілік шығындар, оның ішінде шет елге іссапарға шығу саны шектелген. 
 
Енді ел ішінде жүріп тұру да азаяды - деді мәжілісмен. Бұрын депутаттар аймақтарға жылына 4 рет сапарласа, енді екі-ақ рет ат басын бұрмақ. Депутаттың пікірінше, жалпы қазақтандықтар үнемдеп үйренбеген. 
 
«Мол ақшаны шашып-төкпей банкте жинаса, біздің елге инвесторлардың да қажеті болмас еді»,- дейді Самиғолла Оразов. 
 
Самиғолла Оразов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі: 
 
Мен өзім немен күресіп жүрмін, егер, біз қазақстандықтар керек емес дүниелерге ақшаны текке шашпай, 30-50 пайыз үнемдесек. Үйге барып қараңыздаршы, қаншама керексіз заттар бар. Ескіше айтқанда сол ақшаны «жинақ кітапшасына» салсақ, тіпті біздің елге инвесторлар керек болмай қалатын сияқты. 
 
Мөлдір ДЮСЕКИНА