Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей Сауд Арабиясы мен Түркия одағынан күдіктеніп отыр

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2016
  • 1799

Сауд Арабиясы Сирияға бірнеше мың жаяу әскерін жіберуі мүмкін. Елдің қорғаныс министрлігі бұл туралы «Әл-Арабия» телеарнасына хабарлады. Бригадалық генерал Ахмед әл-Асиридің айтуынша, Эр-Рияд Сирияға жаяу әскерін жіберуге дайын.

Ахмед әл-Асири, Сауд Арабиясы Қорғаныс министрлігінің бригада генералы:

Коалиция басшылығы бір пәтуәға келсе, корольдік барлық әрекеттерге қатысуға дайын. Өйткені тек әуе операциялары арқылы мәселені шешуге болмайды. Жердегі және әуедегі операциялар қатар жүруі керек. 

Гардианның хабарлауынша, Эр-Рияд Сирияға Анкарамен бірге кірмек. Мақалада Сауд Арабиясы мен Түркияның әскери қимылдарды реттейтін орталық құрғаны жазылған. Ал жақында ресми Анкара Ресей ұшақтарына өз әуе кеңістіктерінен ұшуға тыйым салды. Мәскеу түріктердің жасырғаны бар деген ұстанымда.

Игорь Конашенков, РФ Қорғаныс министрлігінің өкілі:

"Бізде Түркия Сирия мемлекетіне соғыспен кіруге дайындалып жатыр деп күдіктенуге салмақты негіз бар. Түрік әскери күштері Сирия территориясында белсенді қимылдауға жасырын дайындалып жатқаны туралы мәліметтерді жиі-жиі алып отырмыз". 

Ахмет Дәуітоғлы, Түркия премьер-министрі:

"Орыстар өздерінің Сириядағы қылмыстарын жасыруға тырысып отыр. Олар бейбіт тұрғындарға қарсы жасап жатқан шабуылдарынан жұрттың назарын аудармақ. Сонда өздері Сирияға кіріп кетті".