Әлемнің ең кәрі тұрғыны қайтыс болды. 118 жасар Мисао Окава Жапонияда өмір сүрген, - деп хабарлайды «Санкей» газеті. Кейуана он тоғызыншы ғасырда - 1898 жылы 5 наурызда Осака ауылы маңында дүниеге келген. 
 
Ұзақ ғұмыр кешкен ол, өмірінде созылмалы ауруларға шалдықпаған. Кейуананың өзі бұның себебін жапонның дәстүрлі тағамы – «сушиды» көп жегендігімен  түсіндірген. Айта өтейік, 2003 жылы Окава  әжей әлемдегі ең ұзақ жасаған қарт ретінде Гиннесс рекордтары кітабында тіркелген-ді. 
 
Енді бұл рекорд АҚШ тұрғыны Гертруда Уиверге бұйырды. Бүгінде Гертруда әжей 116 жаста. Ол Арканзас штатындағы қарттар үйінде тұрып жатыр. 
 
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА