Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәсіпорындағы өрттен соң зауыт басшысы қызметінен кетті

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2016
  • 1403

Кереку кәсіпорнында бірнеше адамның өмірін жалмаған өрттен соң зауыттың бас директоры қызметінен кетті. Жергілікті Рavlodarnews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, «Нефтехим ЛТД компаниясы» ЖШС-нің басшысы Ерлан Құсанов өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш жазған.

Алайда, оның кәсіпорында болған оқыс оқиғаға байланысы бар-жоғы белгісіз. Ал бүгін өрттен қатты күйген үш азаматтың бірі қаза тапқаны белгілі болды. Мұны Астанадағы нөмірі 1-ші қалалық аурухананың қабылдау бөлмесіндегілер телефон шалғанымызда растады. 43 жасар азамат Қайырбек Әдуов қаңтардың 4-і күні жан тапсырған.

Еске салайық, «Нефтехим» зауытының полипропилен сақтайтын қоймасынан шыққан өрттен екі адам қаза тауып, үш жұмыскер күйіп қалған еді. Екеуі санавиациямен Астанаға жеткізілген болатын. Ал апаттан соң құрылған арнайы комиссия «Нефтехим ЛТД» кәсіпорнында болған төтенше жағдайға жұмыс беруші тікелей жауапты деген шешім шығарды. 


Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ