Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуропа «Никлас» дауылынан зардап шегуде

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2015
  • 1555

Еуропаны есеңгіреткен «Никлас» дауылынан тоғыз адам қайтыс болды. Алапат жел Германия, Австрия, Швейцария және Ұлыбританияға қауіп төндірді. Рейтерстің хабарлауынша, зардап шеккендер саны әлі де нақты емес.

Германияда сегіз, Швейцария мен Австрияда екі адам табиғи апат құрбаны болды деп, - хабарлайды ақпарат көздері. Ұлыбританияда көлігіне ағаш құлаған тұрғын ауыр жарақат алған. Германияның ең биік нүктесі Цугшпитце тауында жел сағатына 190 шақырым жылдамдықпен соққан.

Жойқын дауыл темір жол қозғалысын бөгеді. Гамбургте 63, Майндағы Франкфурт қаласында 150 пойыз жолдан қалды. Мюнхенде орталық вокзалдың шатыры ұшқан. Ал Баварияда мыңдаған үй электр жарығынсыз қалды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ