Кенияның Гарисса қаласындағы университетіне «Аш-Шабаб» содырларының шабуылынан 147 адам қаза тапты. «Бұл жайында елдегі» апаттар зардаптарын жою жөніндегі орталығы хабарлайды», - деп жазады Рейтерс.
Осы сағатта шабуыл жасаған төрт лаңкестің де көзі жойылды. Оқу орнындағы құрықтау операциясы аяқталған. Билік Сомали шекарасына жақын орналасқан 4 округта коменданттық уақыт енгізді. Ол 16 сәуірге дейін, кешкі 18:30-дан таңғы 6:30-ға дейін күшінде болады.
Айта өтейік, Гариссадағы университетке кеше шабуыл жасалды. Лаңкестер студенттерді діни сенімдеріне қарай жіктеген. Мұсылмандарды сол жерде босатса, христиандарды кепілдікке алған. Аль-Кайда радикалды тобына жақын «Аш-Шабаб» ұйымы осылайша Кениядан кек алып жатқанын ескертті.
Еске салайық, Кения Сомали содырларына қарсы Африкалық Одақпен біріккен еді.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА