Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде «Бейбітшілік пен жасампаздыққа 23 жыл» науқаны өтті

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2015
  • 1945

Өскеменде ынталы жастар «Бейбітшілік пен жасампаздыққа 23 жыл» науқанына қатысты. Болашақ ғалымдар, металлургтер, энергетиктер мен ұстаздар ең үздік жобаларын таныстырды. Еліміздегі жоғарғы оқу орындары арасынан Шығыс Қазақстан техникалық университеті индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына енді.

Оқу ордасында ғылыми зертханалар мен тәжірибе алаңдары құрылған. Олар заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда жаңашыл ойлайтын, алдыңғы қатарлы мамандар даярланатын болады. Ең бастысы мектептер мен жоғарғы оқу орындары арасында байланыс орнамақ.

Оқушылар зерттеп, әзірлеп жүрген жобаларын жоғарғы оқу орындарының ұстаздарымен талқылап, әрі қарай дамыта алатын мүмкіндікке ие болады. Үдемелі индустриялы-инновациялық бағдарламаға қатысу арқылы жоғары оқу орындары имиджін жақсартады.

Болашақта мұндай оқу орындарында білім алуға дүиежүзінің оқушылары қызығушылық танытады деген жоспар бар. Ал, оны бітірген түлектердің дипломдары әлемде үлкен сұранысқа ие болмақ.

 Самат Байгереев, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы:

Біздің университет үдемелі индустриялық - инновациялық бағдарлама бойынша 10 үздік оқу орындарының қатарына кірді. Біздің университет жастарына, жас ғалымдарына олардың ғылыми потенциалдық дамуына  барлық мүмкіндіктер жасалды. Біздің университет студенттері  шетел университеттеріне барып, өз білімдерін толықтырады. Біздің магистранттар және студенттер  өндірісте өздерінің білімдерін толықтырады.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА