Беларусь Еуразия экономикалық одағына несие алу жөнінде өтініш білдірді. Ол қаржы 2015-2017 жылдарға арналған тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін керек деп жазады «Коммерсант».
Несиенің нақты сомасы айтылмаған. Басылым тек Беларусь президенті Александр Лукашенконың «шамамен 2 миллиард доллар қажет» деп айтқанын хабарлайды. Алайда Беларуссияға қордан берілетін шекті сома 1,8 миллиард доллар.
Еуразиялық даму банкіне алақан жаюға бұл елді рубль девальвациясы итермелеп отыр. Минск 2015 жылы 4 миллиард доллар сыртқы қарызын өтеуі керек. Несие«тарихы»да қарызды рәсімдеуге кері әсер етуі мүмкін.
2011 жылы маусымда Еуразиялық одақ Минскіге 3 миллиард доллар берген. Алайда соңғы 6 транш тоқтатылды. Өйткені Беларусь 14 несие бағдарламасының 10-нын орындай алмады.
Мөлдір ДЮСЕКИНА