Малайзияда террорлық әрекет жоспарлады деген күдікпен 17 адам құрықталды. Ұсталғандардың арасында таяуда Сириядан оралған екі азамат бар,-дейді жергілікті полиция бастығы Халид Абу Бакар. Ал, Үкімет елде исламистер қатарының артуына алаңдаулы.
Осыған байланысты олар терроризмге қарсы заң жобасын әзірлеп, Парламенттің қарауына жіберді. Оған сай тәртіп сақшылары экстремизмге қатысы бар деген күдікпен кез-келген адамды сот шешімінсіз 2 жылға құрықтауға құқы бар.
Ал террорлық актіні ұйымдастырған немесе экстремистердің көлік тасымалдауына көмектескен адамдар 30 жылға дейін қамалады. Осыған дейін Малайзияның арнайы қызмет өкілдері, елдің алпыстан астам азаматы Ирак пен Сирияда эсктремистер үшін соғысып жүргендері туралы хабарлаған болатын, - деп жазады ТАСС агенттігі.
Абзал ҚҰРМАНКИН