Барак Обама Израилдің Иранмен ядролық келісім бойынша ұсынысынан бас тартты. «Израиль билігі Иранның өзін мемлекет ретінде мойындауын талап еткені белгілі. Тек Тегеранмен арадағы ядролық бағдарламаға қатысты келісімді, мұнымен байланыстыруға болмайды» - деді АҚШ президенті.
«Иранмен келісім тек олар Израильді мемлекет ретінде мойындаса ғана қабылданады деу, бұл қисынсыз әңгіме» - деді Барак Обама. Айта кетейік, өткен жұмада Израиль премьері Нетаньяху «Иранның ядролық бағдарламасына қатысты әзірленіп жатқан келісімде, Ислам республикасының еврей мемлекетін мойындауы керектігі ескерілуі тиіс» деген болатын.
Еске салсақ, 2 сәуірде Лозаннада «Алтылық» пен Иран ядролық бағдарламаға байланысты ортақ шешімге келген.
Жұрағат БАМАН