Русский Сайттың толық нұсқасы

Алдағы тәуліктерде еліміздің барлық аймақтарында көктемнің лебі сезіледі

  • AstanaTV
  • 07 сәуір 2015
  • 1071

Алдағы тәуліктерде еліміздің барлық аймақтарында көктем лебі сезіледі. Бұл жөнінде арнамызға «Қазгидромет» мамандары хабарлады. Бірақ 7-9 сәуір аралығында солтүстік облыстарда қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады деп күтілуде.

Соған қарамастан, күндізгі температура +5+13º-қа дейін көтеріледі.
Ал оңтүстікте нағыз көктем басталады. Күннің бұлтты болуына және жауын-шашынға қарамастан, сынап бағанасы күндіз +17+25º-қа дейін көтеріледі.

Бұл климаттық нормадан 3-7º градусқа жоғары. Ал бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты бірнеше облыста жауын-шашындатып, тұман түседі. Көктайғақ болып, жел күшейетіні күтілуде.

Батыс және шығыс аймақтарда жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Маңғыстау облысында күндіз шаңды дауыл тұрады - дейді синоптиктер.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА