АҚШ-та Ислам мемлекетіне қолдау көрсетті деген күдікпен Өзбекстан азаматы ұсталды

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2015

АҚШ-та Ислам мемлекетіне қолдау көрсетті деген күдікпен тағы бір өзбекстандық ұсталды. Дилхайот Касымовқа «Ислам мемлекеті» радикалды ұйымына көмек көрсетті» деген айып тағылды. Бруклиндегі федералды соттың құжаттарына сүйенсек, ол АҚШ азаматтарын «Ислам мемлекеті» жағына өтуге азғырған. Тіпті бұл үшін қаржы жинап, оларды шекара асырмақ болған.

Прокуратура дерегінше, ол қазақстандық Ахрор Сайдахметовты Сирияға жіберу үшін 1 мың 600 доллар жинапты. Осы қаржыны қалтаға басқан Ахрор Сайдахметов ақпан айында Нью-Йорктегі Джон Кеннеди әуежайынан Түркияға ұшуы керек еді.

Бірақ ол сол жерде қолға түсті. Ал Дилхайот Қасымов ақшаны Ахрор Сайдахметовке бергенін, әрі оның Сирияға аттануы керектігін жасырмаған. Америкада бұған дейін де содырларды қолдады деген күдікпен ТМД елдерінің үш азаматы ұсталған еді.

Олар - Қазақстан азаматы Ахрор Сайдахметов пен өзбекстандық екі азамат Абдурасул Журабоев және Аброр Хабибовтер.

Еркін КАРИН