Русский Сайттың толық нұсқасы

Малайзия Парламенті терроризмге қарсы заң жобасын мақұлдады

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2015
  • 1114

Малайзия Парламенті терроризмге қарсы заң жобасын мақұлдады. Жаңа құжатқа сәйкес, полицейлер экстремизге қатысы бар деген күдік тудырған адамды, сот шешімінсіз құрықтай алады.

2012 жылы сол кездегі елдің премьер-министрі бұл бапты жойған болатын. Ал оның қайта енгізілуін үкіметтің қазіргі басшысы Захид Хамиди теріс ағымдардың белсенділік танытуымен түсіндірді.

Аталған құжат қабылданардан бірнеше сағат бұрын, ел астанасы Куала-Лумпурде террорлық әрекет әзірледі деген күдікпен 17 адам ұсталған. Күдіктілердің арасында 14 жастағы жасөспірім де бар.

Тағы екеуі Сириядан келгені белгілі болып отыр.

Абзал ҚҰРМАНКИН