Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеліктер Саратов ғарыш мұражайының бірқатар жәдігерлерін тамашалауға мүмкіндік алды

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2015
  • 1293

Ақтөбе тұрғындары Ресейдің Саратов ғарыш мұражайының бірқатар жәдігерлерін тамашалауға мүмкіндік алды. Жергілікті планетарийде аталған мұражайдың көрмесі өз жұмысын бастады. Ресейліктер Саратов зауытында жасалатын түрлі ғарыш кемелерінің макеттерін әкеліпті.

Сонымен қатар ғарышты игеру тарихы мен ғылыми құжаттарды да ақтөбеліктердің назарына ұсынды. Дегенмен көрмеге келушілер ғарышкерлердің ас-суына қызығушылық танытқан. Мұндай ерекше тағамдар әлем бойынша санаулы жерлерде ғана сатылады екен.

Соның бірі Байқоңыр айлағы. Планетарий қызметкерлері бұл шараның басты құндылығы жерлесіміз Николай Кузнецов туралы ақпараттар дейді.

Қорлан Бөлеков, Ақтөбе облыстық планетариінің директоры:

Николай Дмитриевич Кузнецов деген ұлы ғалымның біреуі осы ғарыш саласының техникасын жабдықтаудағы еңбегі үшін екі мәрте «Совет Одағының Еңбек Ері» атағын алған.

Бүгінгі таңға дейін әлемдегі алдыңғы деңгейдегі техникалық мүкіндіктерін жасақтауда үлкен үлес қосқан адамның біреуі болып табылады. Ең қызығы осы Кузнецов Ақтөбе жерінде туып өскен.

Мансұр ЕСҚОЖИН