Русский Сайттың толық нұсқасы

Жүзге жуық мекемені алдаған теріскейлік «СК Бақыт-ойл» компаниясының ісі әлі аяқталған жоқ

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2015
  • 1249

Жүзге жуық мекемені алдап соққан Солтүстік Қазақстандағы жанармай операторы - «СК Бақыт-ойл»  компаниясына қатысты іс аяқталған жоқ. Бұл жайында біздің арна тілшілеріне облыстық прокуратура өкілдері мәлімдеді.

Құзырлы орган дерегіне сүйенсек, «СК Бақыт-ойл» кәсіпорны, сұйық отынмен қамтамасыз ету туралы бірнеше компаниямен шарт жасасқан. Алайда, өткен жылдың қыркүйегінен бері өз міндетін орындамапты. Мұның зардабын тартқандар арасында  мемлекеттік мекемелер де бар. Олар өз ісіне селқос қараған кәсіпорынның үстінен шағым түсірді. Желтоқсанда прокуратура аталған компанияға қатысты азаматтық іс қозғады. Сот процестерінің барлығы шағымданушылардың жеңісімен аяқталып келген. Жалпы шығын көлемі 115 млн теңгені құрап отыр. Қарызды сот орындаушылары жанармай операторынан өндіре бастады.

Алайда, прокурорлардың айтуынша, бұл бағытта біршама проблема туындауы мүмкін. Себебі, соңғы мәліметтерге сәйкес, «СК Бақыт-ойл» компаниясының атында тіркелген мүлік жоқ екен.

Шолпан Әбдірахманова, СҚО прокуратурасы соттағы мемлекет мүддесінің өкілдігі басқармасының бастығы:

Қыркүйекте азаматтық сот процестері басталған кезде «СК Бақыт-ойл» компаниясының өкілдері өзінің бүкіл мүлкін жалға бергенін мәлімдеді. Бірақ, таяуда олардың атында ешбір мүліктің тіркелмегені анықталды. Біз қазір құжаттарды тексеріп жатырмыз. Апта сайын.

Абзал ҚҰРМАНКИН