Русский Сайттың толық нұсқасы

Украина мен НАТО ортақ келісімдер жасамақ

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2015
  • 1074

Украина НАТО-мен екі келісімге қол қояды. Нақтырақ айтсақ, ақпарат және байланыс жөнінде меморандум мен қолдау көрсету саласындағы ынтымақтастық жайында ортақ мәмілеге келмек. Бұл туралы ақпарат көздеріне Украинаның премьер-министр Арсений Яценюк мәлімдеді. Енді Украина мен НАТО «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы аясында кеңесу, басқару, байланыс, барлау қызметі және бақылау мәселелері бойынша әріптестік қарым-қатынаста болады.

Сондай-ақ, Киев НАТО -мен бірлесе отырып, төрт жобаны іске асыруды көздейді. Олар әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты, байланыс құралдары, жаңа коммуникациялар және ақпараттық технологияны қамтып отыр. Арсений Яценюк осы құжаттар арқылы Украинаның қарулы күштерін қалыпқа келтіруге болатындығын атап өтті.

Айта кетейік, елдің шығысындағы қақтығыстар кезінде НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг бірнеше мәрте Украинаны қолдайтындығын білдірген еді.

Заңғар САНАЙ