Русский Сайттың толық нұсқасы

ОҚО 130 адамды кене шақты

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2015
  • 1254

Оңтүстік Қазақстан облысында кене шағу оқиғасы жиілеп кетті. Күн жылығалы бері 130 адам, тас кене тістеді деп дәрігер көмегіне жүгініп үлгерген.

Балкүміс Мұсаева, ОҚО Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бас маманы:

Ең көп кене шаққан адамдары тіркелген аудандар Отырар, Ордабасы және Түркістан, Кентау, Шымкент қалалары болып отыр. Сонымен қатар елді мекендерден кенелер жиналып жатыр, зерттеліп жатыр. Бүгінгі таңға 3501 кене жиналып тексерілді. Оның ішінде 8-і оң нәтижесімен анықталып отыр.

Бүгінде кене шақты дегендердің барлығы дәрігерлердің қатаң бақылауында. Әзірше аймақта эпидемиялық жағдай тұрақты. Ешбірінен қауіпті вирус анықталмаған. Дегенмен, тиісті зерттеу жұмыстары жалғасуда, - деді дәрігер мамандар. Соған қарамастан сала жауаптылары азаматтарға, әсіресе табиғат аясына шыққанда сақ болуды ескертті. Далада ашық түсті киімдер киіп жүруді, ал кене жабысқан жағдайда оны жұлып тастауға болмайтынын ескертеді.

Айта кетейік, конго-қырым қанды қызбасының алдын алу үшін аймақта залалсыздандыру жұмыстары жылына екі рет жүргізіледі. Биыл күнгейде кенеге қарсы күреске 27 млн. 121 мың теңге қаржы бөлінбек.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ