Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда қатты жел жаңадан салынған көп қабатты үйдің сылағын құлатты

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2015
  • 1036

Атырауда қатты жел тұрып, жаңадан салынған көп қабатты үйдің сыртындағы қалың сылағын құлатып кетті. Оқыс оқиға кеше кешкісін қаладағы Авангард ықшам ауданындағы нөмірі 39-шы үйдің маңында орын алған. Изоляциялық материалмен қапталып, сыланған қабырға, бар салмағымен құлап, аулада тұрған «Субару-Форестер» көлігінің дәл үстіне түскен. Абырой болғанда адамдар дін-аман. Алайда қымбат көліктің иесіне біраз материалдық шығын келгені анық.

Қазгидромет орталығының Атыраудағы филиалының өкілдері біздің арна тілшілеріне хабарлағандай, «бұл кезде шаһардағы желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жеткен».

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ