«Хабар» агенттігі Жеңістің 70 жылдық мерейтойына өзіндік үлес қосу мақсатында «Жеңіске құрмет» акциясын бастады.
Агенттік ұжымы арнайы қор ашып, оған бір күндік жалақыларын аударған. Жиналған қаражатқа ардаргерлер үшін бағалы сыйлықтар сатып алынды. Әр ардагердің қалауын ескере отырып жасалған сыйлықтар тізімінде теледидар, тоңазытқыш сынды тұрмыстық техника да бар.
Атырау қаласының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері баян аспабын сұраған. Қариялардан құралған хор ұжымына керекті саз аспабы тек Тула қаласында шығарылады екен. Ұйымдастырушылар тапсырыс бере отырып, ардагерлерге оны да алып берді.
Айдос Үкібаев, «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы:
Мұндай шараны жыл сайын өткіземіз. Бірақ биыл Жеңістің 70 жылдығына ерекше дайындықпен келдік. Ардагерлерді аймақтардан жасына байланысты алдыра алмадық. Сондықтан өңірлерге өзіміз барамыз. Бүгінгі акцияға Астанадағы ардагерлер қатысып жатыр. 7-8 адам келе алды. Азық-түлік себетімен қоса, әр ардагерге теледидар тарту еттік.
Айгүл ӘДЕПБАЙ