Отан соғысы ардагерлерінің жеңіс күніне орай Астана мен Мәскеуде өтетін әскери шеруге қатысуына 60 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде Денсулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.
Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қаржылай көмек көрсету үшін мемлекеттік бюджеттен 5 млрд 800 млн теңге қаралған. Жеңіс жолында аянбаған ардагерлерге 150 мың теңге мен 1 миллион теңге аралығындағы көмек бүгінде үйді-үйге жеткізіліп жатыр. Ең қомақты ақшалай жәрдем Астанада - 1 млн теңгені құрайды. Ал Жеңістің 70 жылдығына орай Елордада өтетін әскери шеру ел тарихындағы ең ауқымды шара болмақ. Оған Қорғаныс министрлігінің 5 мыңдай жеке құрамы, 220 әскери техника және 70 әуе техникасы жұмылдырылады деп жоспарланған. 6 ардагер Мәскеудегі Қызыл алаңда өтетін шараға қатысады.
Светлана Жақыпова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице- министрі:
6 майдан бастап Астанамызға біздің ардагерлеріміз келеді. 270 ардагерді күтіп отырмыз. Оларды қолдап бірге 80 адам бірге қосылып келеді. 350 адам.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ