Русский Сайттың толық нұсқасы

Мадуро Венесуэла мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас қалпына келеді деп үміттенеді

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2015
  • 1324

Николас Мадуро Венесуэла мен Американың арасындағы достық бұрынғы қалпына келеді деген үмітте,- деп хабарлайды Рейтерс. Панамада өтіп жатқан Америка елдері саммитінде Мадуро АҚШ мемлекеттік хатшысының кеңесшісі Томас Шеннонмен кездесті. Әңгіме барысында Венесуэла басшысы Вашингтонмен арадағы қарым-қатынасты жақсартуға ниетті екенін танытты.

Айта кетейік, соңғы кезде екі елдің байланысы едәуір нашарлады. Санкциялар салынып, Каракастан америкалық  дипломаттар қуылды. Енді Мадуро қос мемлекеттің ынтымағын қалыпқа келтіруді қаласа керек. Ол Панамада өтіп жатқан Америка құрлығы елдерінің VII саммиті екі құрлық арасындағы байланысты тұрақтандырып, ынтымақтастықты нығайта түсу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деген сенімде. Саммитке Америка құрлығындағы 35 елдің басшылары қатысып жатыр.

Николас Мадуро, Венесуэла президенті:

Мен АҚШ мемлекеттік хатшысының кеңесшісіне шындық жетуі тиіс жерге жететінін  құрмет айттым. Венесуэланың тәуелсіздігі мойындалуын және құрметке лайық болуын сұрай отырып, Америкамен арадағы байланысты жаңа деңгейге шығаруға дайынбыз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ