Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысы «Байқоңыр» инвестициялық форумы арқылы өңірге 500 млрд теңгеден астам инвестиция тартқан

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2015
  • 1603

Қызылорда облысына 2013 жылдан бері 500 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. Бұған екі жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Байқоңыр» инвестициялық форумының арқасында қол жетіп отыр.

Облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев Орталық коммуникациялар қызметінде осылай деп хабарлады. Бүгінге дейін өткен 4 форумның нәтижесінде халықаралық қаржы ұйымдарымен 49 меморандумға қол қойылған. Тек Еуропалық қайта құру және даму банкімен 63 млрд теңгені құрайтын 8 жоба іске асып жатқан көрінеді. Оның жетеуі облыс орталығының инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, өңірде шыны зауытының құрылысы жүзеге аспақ. Оның құны 198 млн долларды құрайды. 

Ғалым Әміреев, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары:

Шалқия кен орны бар. Ванадий өндірісі бар бізде. Шетелдік партнерларымызды белгілеп алдық. Ол соңғы жылдары біз өте белсенді Қытай Халық Республикасымен жұмыс жасап жатырмыз. Түркия, біздің Қызылорда облысы Италиямен, Иранмен де жақсы қарым-қатынастамыз. 1-2 жобаны талқылап жатырмыз. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ