Ет-сүт нарығын дамыту тақырыбында республикалық форум өтті

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2016
  • 1680

Ауыл шаруашылық өнім өндірушілерді субсидиялау жүйесі жетілдіруді қажет етеді. Қарағандыда өткен республикалық форум барысында осы мәселе көтерілді. Жиын «Ет-сүт нарығының ерекшеліктері мен оны дамыту перспективалары» деген тақырыпта өтті. «Аграрлық секторды дамыту тұрғысында кезек күттірмейтін мәселелер шаш етектен», - дейді форум қатысушылары. Мәселен, өнім өндіру мен тасымалдаудағы сервистік және ветеринарлық қызметтің төмендігі. Және халықты сапалы өніммен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық өндірісінде ғылыми-негіздік әдістердің дамуын кеңейту және ынталандыру қажет деп отыр. 

Айта өтейік, форум жұмысына «Ауыл» партиясының Қарағанды облысы бойынша филиалы басшылығы, агроқұрылымдардың қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

Қали Жұмаділов, шаруа қожалығының басшысы:

Субсидия беріледі, кредит беріледі дегеннің аты шығады да, сол түбіне келгенде ары жағынан біз ала алмаймыз оны. Ал қазір биыл, міне, бастайды береміз деп, ол жазға кетеді. Жаздан кейін күзге кетеді, содан барады да ар жағы созылып кетеді. Беретін нәрсені бірден беріп тастау керек.

Бөрібай Жексембин, «Ауыл» ХДП хатшысы:

Біз де осы мәселеге қатты көңіл бөліп, алдағы уақытта ауыл шаруашылығының өндірісі, ауылда тұратын елдің тағдыры, оның әлеуеттік жағдайлары қандай деңгейде болу керек. Осы мәселелерді біз, «Ауыл» партиясы, бағыт-бағдарымен қарап отыратын боламыз.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА