Барак Обама алдын-ала сайлау компаниясы аяқталмайынша, Хиллари Клинтонды қолдамайтынын мәлімдеді. Бұл ақпаратты «Интерфакс» Ақүй өкілі Джон Эрнестке сілтеме жасап таратты.
Десе де, «Рейтерс» -тің ақпаратына сәйкес Обама-Клинтонды лайықты президент болады, - деп санайды. Хилари Клинтон-2016 жылы АҚШ-та өтетін президент сайлауында Демократиялық партия атынан сайлауға түсетін кандидат ретінде тіркелді. Өткен демалыста ол сайлауға қатысатынын ресми түрде хабарлаған. Қазір алдын-ала сайлау компаниясы қарқын ала бастады. Мұның алдында президент сайлауына Республикашылдар атынан Марко Рубио түсетіні белгілі болған еді. Сондай-ақ, сенаторлар Тед Круз бен Рэнд Пол сайлау науқанына қатысатынын жеткізді.
Барак Обама, АҚШ президенті:
Хиллари Клинтон лайықты кандидат. Мен оны көп жылдан бері білемін. 2008 жылы бірігіп біраз шаруа атқардық. Сол кезде Клинтонның өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтынан байқадым. Мемлекеттік хатшы ретінде де ол өзін жақсы жағынан көрсетті. Алдын ала тон пішпей-ақ қояйын, дегенмен Хиллари ханым мықты президент болатынына кәміл сенемін.
Самат ҚАНАҒАТОВ