Русский Сайттың толық нұсқасы

Бразилияда 21 тонна өлі балық көл бетіне шықты

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2015
  • 1526

Бразилиядағы Родриго де-Фрейтас көлінің бетіне 21 тонна өлі балық қалқып шықты. Айта кетейік, аталған көлде алдағы жылы ескек есу жарысынан олимпиада ойындары өткізіледі. Жақын маңдағы тұрғындар көл жақтан келіп жатқан жағымсыз иіске шыдамай коммуналдық қызметке шағым түсірген.

Қоршаған ортаны қорғау қызметі өкілдерінің ресми ақпаратына сәйкес балықтардың жаппай қырылуына толассыз жауған жаңбыр себеп болып отыр. Салдарынан судың деңгейі көтеріліп, температура күрт төмендеген. Олимпиада ойындары алдында бұл мәселе жергілікті басшыларды алаңдатып отыр. Қазіргі уақытта көлді тазалау жұмыстары басталды.

Қоршаған ортаны қорғау қызметінің ақпаратына жүгінсек, төрт жылда бір өтетін ойындардың басталу мерзіміне дейін бұл мәселенің шешімін табу оңайға түспейді.

Самат ҚАНАҒАТОВ