Русский Сайттың толық нұсқасы

Венада «Нұр банк» топ-менеджерлерінің өліміне қатысты сот процесі басталды

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2015
  • 1484

Австриялық ақпарат агенттіктері Венада «Нұр банк» топ-менеджерлерінің өліміне қатысты сот процесі басталғанын хабарлап жатыр. Атышулы іс бойынша басты күдікті Рахат Әлиев қайтыс болғаннан кейін, алқа билері соты алдына Әлнұр Мұсаев пен Вадим Кошляк тоғытылған. Олар қазақстандық банкирлер Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновты ұрлау және өлтіру факті бойынша айыпталғаны мәлім.

«Интерфакс» дерегінше, сот төрағасы Андреас Бемом сот процесіне 16 алқа биін тағайындады. БАҚ назарындағы процесте қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Сот залына кірмес бұрын қатысушылар жылжымалы қауіпсіздік шлюздері арқылы өтуде. Сондай-ақ, сот күзеті қызметкерлерінің саны ұлғайтылған.

Еске салайық, 24 ақпанда Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің Австрия абақтысында өлі денесі табылды. Тергеушілер бұрынғы дипломаттың өз-өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді. Австриялық құқық қорғау органдары экс-дипломатты өткен жылы 5 маусымда құрықтаған-ды. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Мұсаев пен Кошлякқа қатысты сот процесі бір айға жалғасады. Осы уақытта үш эксперт пен алпыстан астам куәгер тыңдалмақ. 

Жұрағат БАМАН