Жақын күндері бірқатар аймақтарда өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Атап айтқанда Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында өзендер арнасынан асып тасқын болу қаупі басым.
Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді,-деп жазады Қазақпарат. «Қарағанды облысында күрделі гидрологиялық жағдай сақталады. Елдің шығысындағы өзендерде мұз еруі жалғасып, су арнасынан шығуы ықтимал. Алматы облысы мен оңтүстік өңірлерде су деңгейінің ауытқуы байқалмақ» - делінген ақпарда.
Жұрағат БАМАН