Қазақстанда жұмыс істеуге ниетті қытайлықтар саны артып келеді

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2015

Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат беретін құжат шетелдіктер арасында Қытай азаматтарына көп берілген. Бұл деректі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қорғауды бақылау комитетінің төрағасы Ахмади Сарбасовқа сілтеп,ҚазТАГ жариялады. Қаңтар-ақпан айларында шетелдік жұмыс күшін тарту үшін барлығы 4198 рұқсатнама берілген. Оның тең жартысы аспан асты елінің азаматтарына тиесілі. Қазақстанға жұмыс іздеп келген шетелдіктер қатарында сондай-ақ, Түркия, Өзбекстан, Үндістан және Ұлыбританияның азаматтары да бар.

Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсатнама алған шетел азаматтары (2015 қаңтар-ақпан):

ҚХР- 2043 азамат Түркия - 779 азамат Өзбекстан - 305 азамат Үндістан 173 азамат Ұлыбритания - 111 азамат.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА