АҚШ Президенті Иранның ядролық бағдаламасына қатысты Конгресс талабына көнді. Барак Обама Cенаттың халықаралық комитетінде қос партияның да қолдауына ие болған заң жобасына қол қоятын болды. Енді Конгреске Иранға қатысты кез-келген келісімді қабылдамауға құқық берілмек. АҚШ Президенті Конгресс шешімімен енгізілген шектеулерді алып тастай алмайды. Елді тек өз бұйрығымен енгізілген санкциялардан босата алады.
Еске салайық, 2-сәуірде Иран мен «алтылық» елдері Иранның ядролық бағдаламасына байланысты ортақ келісім жасасты. Оған сәйкес Құрама штаттар мен Еуроодақ Тегаранды көпжылдық экономикалық санкциялардан босатуы тиіс. Келісімге 30-маусымда қол қойылады. Жетекші елдер Иранға халықаралық санкциядан құтылу үшін, ядролық бағдарламадан бас тартуды ұсынған.
Мөлдір ДЮСЕКИНА