Русский Сайттың толық нұсқасы

Убинос жанартауы оянды

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2015
  • 1367

Чилиде Убинас жанартауы оянды. Жанартаудан атқылаған тас пен лай көшкіні жақын маңдағы  елдімекендерге қауіп төндіріп, жолдарды бөгеп тастады, деп хабарлайды Рейтерс. Перудың Геология және металлургия институты мамандары соңғы бірнеше күн ішінде күл мен газ аралас қалдықтар 2,5 шақырым биіктікке атқылағанын айтуда.

Десе де билік халықты эвакуациялауға асықпай отыр. Баспаналарын тастап, қауіпсіз жерге көшкен жөн деген ескертумен шектелді. Жанартау белсенділігі 2013 жылдан артып, жергілікті халықтың үрейін ұшырды.

Айта өтейік, Убинас вулканы Преу астанасы Лимадан 1250 шақырым қашықтықта.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА