Cу тасқынына қатысты жағдайға күнделікті мониторинг жасап тұру қажет. Бүгін селекторлық жиын барысында еліміздің бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев жауапты мемлекеттік органдарға және өңір басшыларына осындай тапсырма берді, деп хабарлады Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Ресми хабарламаға сүйенсек, еліміздің барлық аймақтарында су тасқынына қарсы іс-қимыл жоспары жасалған. Аймақтарда уақытша дамбалар салынып, үш шақырымнан астам плотина қалпына келтірілді.
Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, су деңгейі көтерілген өңірлерде 140 мыңнан аса текше метр су сорылған. Бүгінде су басу қаупі бар жерлерден 11 172 адам эвакуацияланған.
Жұрағат БАМАН