Астанаға тасқын қаупі жоқ. Қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандары, табиғат апатының алдын-алу шаралары уақытылы қолға алынғанын айтып, тұрғындарды сабырға шақырды. Айтуларынша, департамент қызметкерлері күшейтілген режимге көшті.
Бүгінде Есіл және Нұра өзендерінің су деңгейі көтерілді. Осыған орай қалаға жақын орналасқан Ильинка, Талапкер және Қосшы ауылдары қатаң бақылауға алынды. Төтенше жағдай орын алған жағдайда, Астанада отыз шақты құтқару пункттері ашылады.
Барат Дұзақбаев, Астана қаласы ТЖД бастығы:
Бүгіннен бастап біз сағат сайын бақылау жасап отырмыз. Қанша су келді, қанша су кетіп жатыр. Менің алдымда ақпарат жатыр. Бәрі жазылған. Қиын жерлерде адамдар тұр. Пост жасап қойдық, сол жерде олар бақылау жүргізіп тұр.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА