Қазақстан қазба байлықтарының геологиялық барлаудағы үлесін 50 пайыздан да төмендетуі мүмкін. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде Инвестициялар және даму министрлігі, Геология және жер қойнауын барлау комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев мәлімдеді.
Базарбай Нұрабаев, ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын барлау комитетінің төрағасы:
Бізде 800-ден астам келісім шарт бар. Ол көмір шикізаты және қатты пайдалы қазбалар мен су. Олардың 50 пайыздан астамы шет елдік инвесторлардың қатысуымен болып жатыр. Болашақта біз осыған көбірек тарту үшін Қазгеология ҰК арқылы Рио-Тинто және Корес басқа компанияларды біз барлау жұмыстарына тартып жатырмыз. Көмірсутегі шикізатына 27 объектілерді біз анықтадық. Ол бойынша жақын арада ашық конкурс жариялануы керек. Соның арқасында біз инвесторларды көбірек тартамыз деп отырмыз.
Қазба байлықтарын барлауда Қазақстанның үлес салмағының төмен екенін мамандар жұмыстың қымбаттығымен түсіндіреді. Мәселен, бір шаршы шақырымды барлау үшін 150 млн. АҚШ долларына дейін жұмсалуы мүмкін. Себебі кеніштер жердің ең төменгі қабаттарында жатыр - дейді, Жер қойнауын барлау комитеті өкілдері.
Ал табыс тәуекелділігі шамамен «бір де отыз». Оған қоса маман тапшылығы да бар. Сондықтан Қазақстан инвесторлар үшін қаншалықты тартымды болса, Қазақстанның инвесторларға деген тәуелділігі де соншалық.
Тимур Тоқтабаев, ҚР ИДМ Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры:
Маккензи болжамы бойынша, Қазақстанда әлемдік деңгейдегі 10 кен орны табылуы мүмкін. Сондықтан біз барлауға ерекше көңіл бөліп, инвесторларға ерекше ілтипатпен қараймыз. Десек те, қазба байлықтарымыздың барлығы шет мемлекеттердің қолында кетпесі үшін, стратегиялық маңызды кен орындары тиісті заңнамалармен және «жер қойнауын пайдалану» заңымен реттеледі.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ