Оралда жолаушылар автобусы жеңіл көлікпен соқтығысып қалды. Оқыс оқиға көпір үстінде болған. Шаған өзеніне кеме түсіріліп, көпірдің бір жағы уақытша жабылған еді. Осының салдарынан тар өткелге сыймаған қоғамдық көлік жол апатына ұшыраған. Автобусқа соғылып, сау-тамтығы қалмаған жеңіл көліктің жүргізушісі жедел түрде ауруханаға жеткізілді.
Алайда дәрігергер оның өмірін сақтап қала алмады. Автобустағы жолаушылардың барлығы дін аман. Енді бұл апатқа кімнің кінәлі екендігін полиция анықтайтын болады.
Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын дәл осы №22-бағыттағы автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, төрт адам қаза тапқан еді.
Гамзат Бегалиев, автобус жүргізушісі:
Мен көпірден түсіп келе жатқанда мына жақтан жаңағы машина ұшып, қатты жылдамдықпен келіп қалды. Мен былай қашып, ол ары қарай қашты. Жолаушылар бәрі аман. Мен 30-35 км/сағатына ұстап келе жатырмын. Қатты жылдамдықпен келе жатқан жоқпын, мен. Жайлап келе жатырмын.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА