88 жасқа қараған шағында Мысырдың экс-президенті Хосни Мүбәрәк өмірден озды. Бұл жөнінде ирандық Fars агенттігіне сілтеме жасап Vesti.ru хабарлайды. Мысыр билігі бұл ақпаратты әзірге ресми түрде растаған жоқ.
Мүбәрак оның алдындағы президент Әнуар Садат өлтірілген соң 1981 жылы таққа отырған еді. Ол 1987,1993,1999 жылдары үш мәрте қайта сайланды. Ал 2005 жылы Мысырда сайлау жүйесі өзгертілді. Жаңа сайлауда да Мүбәрак жеңіске жетті. 2011-жылы елде төңкеріс болып президент пен үкімет отставкаға кетті.
Содан соң, Хосни Мүбәракқа түрлі қылмыстар бойынша айып тағылып өмірінің соңына дейін түрмеге тоғытылған. Осы аралықта экс-президенттің денсаулығы нашарлап кетті. Ал, былтыр қарашада сот Мүбәракты толық ақтап шыққан-ды.
Мөлдір ДЮСЕКИНА