Төтенше жағдайлар комитетінің бөлімшелерінде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында «қауырт желі» ашылды.Телефон арқылы тасқын туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. «Қауырт желі» бүгінде Астана қаласы, Қарағанды және Ақмола облыстары бойынша ашылды, - деп хабарлайдыАпаттық медицина орталығы.
АстанадағыРеспубликалық дағдарыс орталығында 32-32-89 нөмері жұмыс істеп тұр. Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінде 51-20-04 нөмері іске қосылған. Және құтқарушылардың Көкшетаудағы штабында 55-14-74 телефоны арқылы шұғыл ақпарат алуға болады.
Айгүл ӘДЕПБАЙ