«Қазақстанда тасқын салдарынан қалыптасқан күрделі ахуал 7-10 күнде тұрақталады».
Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты басқарма басшысы Алексей Советов мәлiмдеді. «7-10 күн төңiрегiнде су деңгейi азайып, қалыптасқан қиын жағдай сейiледi», - дедi ол. «Тұрғын үйлер мен шаруашылықтарға келген зардап мөлшерін анықтау бойынша комиссия құрылды. Бүгiнде олар жалпы шығынды есептеуде», - дедi басқарма басшысы.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА